RU

Дабылды ескерту: Бес облыста 45 градусқа дейін ми қайнатар ыстық болады

5-8 тамыз аралығында бес облысында аптап ыстық күтіледі деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Синоптикердің болжамынша, 5-8 тамызда Батыс Қазақстан, 6-8 тамызда Ақтөбе, 6 тамызда Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 40-42 градус ыстық болады.

Сонымен қатар 5-6 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде, 7-8 тамызда облыстың басым бөлігінде 40-43 градус ыстық, күндіз 5-6 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде, 7-8 тамызда облыстың басым бөлігінде 43-45 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыздар: Мысырда ұсталған алты қазақстандық студент елге оралды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1578498-dauyldy-eskertu-bes-oblysta-45-gradusqa.html