RU

Мысырдан елге оралған алты студентпен туыстары қауыша алмай, зар болды

Кеше кешке Мысырда тұтқындалған қазақстандық алты студент елге оралған болатын. Алайда олардың туған туыстары балаларын көре алмай зар болды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Жігіттерді қайдан күтерін білмеген туыстары Алматы мен Астана әуежайын торуылдады. Алайда сарыла күткен ұлдары екі әуежайдан да төбе көрсетпеген.

КТК арнасының хабарлауынша, Алматыға 15:40-та келіп қонған жігіттерді кедендік бақылау аймағында ұстаған.

Олармен бірге ұшып келген жолаушылардың сөзіне сенсек, оларды кинологтар арқылы мұқият тексерген. Алайда ұшып келетін аймақта алты жігіт төбе көрсетпеген.

Тағы оқыңыздар: Тағы да педофил: Көкшетауда 10 жасар қызды аяусыз зорлап тастады

Оларды төрт сағат бойы тапжылмай күткен туыстарының айтуынша, олардың қайда екенін ешкім білмейді.

«Осында ма, жоқ па нақтысын айтуына болар еді ғой. Босқа төрт сағат бойы күтпес үшін. Бастысы, ешкім қайда екенін білмейді. Ата-анасы Астанадан келе жатыр", - дейді жігіттердің бірінің әпкесі Айдарша Құсайынова. 

Аз уақыттан соң Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов өзінің Facebook-тегі парақшасында олардың елге аман-есен оралғанын жазып, суреттерін салды. Сонымен бірге ол жігіттер туыстарына, үйіне оралғанын айтқан. Дегенмен, "тұтқындардың" жақындары олардың үйіне келмегенін айтуда.  

Тағы оқыңыздар: Қазақстандық шенеуніктер жарты жыл ішінде 150 млрд теңгеден астам қаржы ұрлаған

«Мен тіпті білмеймін. Әуежай қызмпеткерлері күтіңдер дейді. Кейбірі оларды басқа жерден шығарып әкетті дейді. Бірақ олар үйге келген жоқ. Әйелім үйде күтіп отыр, келмегенін айтты. Не дерімді де білмеймін", - дейді Қанат Қазбектің ағасы.

Кейіннен Алматы әуежайының баспасөз қызметі олардың алтауын да құзырлы органдар қызметкерлері алып кеткенін хабарлады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1578611-mysyrda-ustalghan-alty-studenttinh-tuy.html