RU

Қарағанды облысында жолға таласқан екі автобус жантүршігерлік апатқа ұшырады (фото)

Қарағанды облысында жолға таласқан екі автобус жантүршігерлік апатқа ұшырады. Қос автобуста жол апаты кезінде 40 адам болған. Салдарынан 7 адам зардап шекті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ірі жол апаты Қарағанды облысындағы қалааралық бағыт кезінде орын алған.

Облыс ІІД ақпараты бойынша, алдын ала болжам бойынша «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының автобус жүргізушісі жол-көлік апатының орын алуына себепкер болған.

Тағы оқыңыздар: Қазақ қызына ғашық болған орыс жігіті қазақша үйреніп, ислам дінін қабылдады (фото)

Аталған компания автобусында отырған 10 адамның арасында зардап шеккендер жоқ. Керісінше, "Қарағанды-Шахтинск" бағыты бойынша келе жатқан №121 қалааралық автобуста болған 30 адамның жетеуі зардап шеккен. Олар жедел түрле ауруханаға жеткізілген.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1578644-qaraghandy-oblysynda-zholgha-talasqan-e.html