RU

Талай қызды өзіне ғашық еткен Рахат Тұрлыханов қазір қайда жүр? (фото)

2000-жылдардың басында "Асыл әжем", "Азем" сынды әндеріне клип түсіріп, жас бойжеткендерді өзіне ғашық еткен Рахат Тұрлыханов шоу бизнес әлемінен жырақтағалы көп болды. Танымал саясаткер Болат Әбіловтың қызы Жәмилаға үйленген Рахатты сахнадан қайта көруге асық тыңдармандары жоқ емес. Бір кездері танымал әншілер санатына кірген Рахат қазір қайда?

Оның Instagram желісіндегі парақшасына үңілсек, ол түрлі жобаларды жүзеге асырумен айналысып, еліміздің старт-ап саласындағы жас мамандармен кездесіп тұратынын көруге болады.

Тағы оқыңыздар: Күйеуінің ұлына ғашық болған алматылық келіншек елге жан сырын ақтарды

Ол желіге өзінің де, жеке өмірінен де сыр шертетін суреттерді көп сала бермейді.

Тағы оқыңыздар: 15 жасар жасөспірімді алдап, төсектес болған 44 жастағы әйел ел алдында масқара болды

Дегенмен, ара-тұра демалысынан, түрлі мәдени шаралардан суреттер салып елді қуантып тұрады.

Ол шетел асып, түрлі шетелдік компаниялардың өнеркәсіп саласындағы жаңалықтарымен танысып, елмен бөлісіп тұрады.

Талай қазақ қыздарын өзіне ғашық еткен Рахат әлі де стиль жөнінен ешкімнен қалысар емес.

Ал бұл суретте ол өзі ән арнаған Азем есімді інісімен түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1578962-kopten-beri-korinbey-ketken-rakhat-tur.html