RU

Алматыда автокөлік жолының бір бөлігі опырылып, жер астына түсіп кетті (фото)

Алматыда арнайы ХҚКО апаратын автокөлік жолы жер астына түсіп кетті. Бұл жайт Момышұлы мен Ақан Сара көшелерінің қиылысындағы жол учаскесінде болған деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, су құбырының тозуы осы жайттың орын алуы әкелген.

 «Алдын ала болжам бойынша, бұл жайттың орын алуына 1980 жылдан бері қолданылып келе жатқан су құбырының тозуы себеп болып отыр", - дейді баспасөз қызметі.

Қалалық коммуналды мекемеде жарылған су құбырын бірнеше сағаттың ішінде ауыстырғанын хабарлады.

Коммуналды және жол қызметіне жауап беретіндер жолдың опырылып түскен бөлігін аз уақыттың ішінде жөндеуге уәде береді. 

Ал қалаға апаратын жол бөлігі күнделікті режимде жұмыс жасауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579106-almatyda-avtokolik-zholynynh-bir-bolig.html