RU

Астаналық тұрғын Бурабайдағы екі қыздың өлімін кездейсоқ суретке түсіріп алған (фото)

Ақмола обылысындағы Бурабай шипажайының маңында екі қыз суға батып кетті. Куәгерлердің айтуынша, олардың үрмелі матрасы қатты желден аударылып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайғылы оқиға жайлы желі қолданушысы Ұлан Әбішев өзінің Facebook парақшасында жария етті.

"Бүгін Бурабайдағы Ақылбай елдімекені жағында кіші Шабақкөлде демалып жатқанбыз. Бірнеше сағат шомылып, естелікке суретке түскеннен кейін суреттердің бірінен қайғылы оқиғаны байқадық. Ол жерде екі қыз бен бір жасөспірім өмірі үшін арпалысып жатты. Жастардың үрмелі матрасы қатты желден аударылып қалыпты. Оларға көмекке бірнеше жігіт барды. Алайда тек ұл баланы ғана судан алып шықты. Ал қыздарды құтқарып қалу мүмкін болмады", - дейді ер адам.

Оның сөзінше, адамдар жағада жанұшырып, құтқарушыларға хабарласуды (оларды бір сағат күтуге мәжбүр болған) сұрап жүрді.

"Біз осы уақыт бойы қандай бір сұлба көрініп қалар деген ниетпен жыраққа қарап отырдық. Әйелдер мен балалар жылап жатты. Сонымен бірге көлдің өзінде кезекші, қайықтар мен құтқару жилеті болған жоқ", - деп хабардар етті Ұлан Әбішев.

Тағы оқыңыздар: Желге ұшқан төрт млрд теңге: ОҚО-да құрттаған су ішіп отырған тұрғындар шу шығарды (видео)

Ол сонымен қатар Бурабайдағы көлдің өзінде құтқарушылардың қарасы да көрінбегенін айтты.

Қайғылы оқиғаның болғанын ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"17.09-де Бурабай ауданындағы кіші Шабақкөлден жедел-құтқару қызметі тыйым салынған жерде шомылған 1999 жылғы қыздың денесін алып шықты. Сол жерде батып кеткен 1996 жылғы тағы бір қыз іздестіріліп жатыр", - дейді Иманқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579204-burabay-manhynda-eki-qyz-zhurttynh-kozin.html