RU

Әйгілі актер сириялық балаларға екі миллион доллар садақа бермекші

Белгілі америкалық актер Джордж Клуни мен жұбайы Амалия Ливанда тұратын үш мың сириялық босқын балалар үшін жеті мектепті дамытуға 2,25 $ қаражат бөлуді жоспарлайтынын мәлімдеді.

«Біз бұл балалар қиын заманда туып, қолайсыз жағдайда қалғаны үшін бүтін бір буынды жоғалтуға жол бермеуіміз керек. Мыңдаған сириялық жас қоғамның бір бөлшегі ретінде болудан үміт үзуі мүмкін. Мектептегі орта білім олардың өмірін өзгертуге көмектеседі», - делінген актерлер хабарламасында.

Тағы оқыңыздар: Ұятты жерлерін суретке түсірген танымал телеарна жүргізушісінің басы дауға қалды

Клуни отбасы қорынан бөлек, жобаға әлемдік Google және HP компаниясы да қатысып, оқу орындарын технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етпек.

Жалпы бөлінетін қаражат көлемі үш миллион доллардан асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579223-aygili-amerikalyq-akter-siriyalyq-bal.html