RU

Димаштың Қытайдағы студиясын көрген Мәдина Сәдуақасова таңғалысын жасырмады (видео)

Ерекше үнімен әлемді мойындатқан отандасымыз Димаш Құдайберген қытайлық әріптесі туған күніне сыйға тартқан жеке студиясын көрсетті.

Димаш студиясында жүрген сәтін желідегі парақшасында жариялады.

"Бейжің. Студияда дайындық үстінде. Бірер сағаттан соң Шанхай қаласына жолға шығамын! Тәтті төсегіне жататындарға қайырлы түн!", - деп жазған ол.

Тағы оқыңыздар: Әйгілі актер сириялық балаларға екі миллион доллар садақа бермекші

Димаштың студиясын көрген әріптесі Мәдина Сәдуақасова таңданысын жасыра алмады.

"Димаш, мынау не деген студия! Осындай фото, видео көбірек салшы", - деп жазған ол.

Айта кетейік, Димашқа жеке студияны Қытайдағы Singer жобасында тәлімгері болған Лауре Шенг туған күнінде сыйға тартқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579229-dimashtynh-pekindegi-studiyasyn-korgen.html