RU

Қазақ әншілеріне әйгілі "Despacito" әнімен пародия жасаған жігіт желіде жұлдыз болды

Қаралымы жағынан YouTube желісінде рекордтық нәтижеге жектен испаниялық Despacito әнін Shakenzoo есімімен танымал пародист еліміздегі әншілердің стилінде орындап, көпшілікті күлкіге қарық қылды.

Шыныбек Рахмаш аталған әнді Қайрат Нұртас, Әлішер Кәрімов, Заттыбек Көпбосынұлы, Ғалымжан Молданазар, Жанар Айжанованың дауыстарымен орындап, арасында Нұржан Төлендиев пен  Қанат Әлжаппаровтың әзілдерін қосады.

Тағы оқыңыздар: Димаштың Қытайдағы студиясын көрген Мәдина Сәдуақасова таңғалысын жасырмады (видео)

Видео бір тәулік ішінде 70 мың қаралымға жеткен. Желі қолданушылары әзілкештің шеберлігіне тәнті болып, оның әншілердің даусын айнытпай салғанына таңғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579311-despasito-anin-qazaq-anshileri-qalay-oryndaydy.html