RU

Ғалымдар: 2100 жылы Еуропада 152 мың адам қаза болуы мүмкін

Ғалымдар 2100 жылға қарай климаттың өзгеруі жалғаса берсе, экстремалды ауа-райының әсерінен Еуропада 152 мың адамның өлімі орын алуы мүмкіндеп отыр. Бұл қазіргі адам шығынынан 50 есе көп деп жазады шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған The Qazaq Times.

Зерттеушілер қорқынышты болжамдар өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Егер көмірқышқыл газының көлемі азаймаса және өндіріс орындарының қоршаған ортаны ластау процесі жалғасын таба берсе, зерттеу ұсынған футуристикалық деректер шындыққа айналуы мүмкін.

Осыдан бұрын Еуропа комиссиясының зерттеу орталығының мәліметінде, "1981-2010 жылдар аралығындағы экстремалды ауа-райынан қаза тапқандардың саны жылына үш мың, 2071-2100 жылдары 152 мыңды құрайды. Үш адамның екеуі табиғат апатынан көз жұмса, жаңа ғасыр басында су тасқынынан жылына алты адам, соңына қарай 233 азамат жан тапсырады", - делінген.

Тағы оқыңыздар: Стокгольмдегі гей-парадта Қазақстан туын желбірете ұстап шыққандар елді шулатты

Сеул Ұлттық университетінің сарапшылары зерттеу қорытындылары "тым асыра бағаланған" деген пікірде.

Өйткені адам баласы кез келген өзгеріске бейімделе алады. Сондықтан климаттың өзгерісін де біз жақсы қабылдауымыз мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579327-ghalymdar-2100-zhyly-europada-152-mynh-adam-olu.html