RU

Sulpak қазақтілді сатып алушыларға айрықша мүмкіндік жасады

Отандық дүкендерде сатылатын техника туралы толыққанды ақпарат беріп, кемшілігі мен артықшылығын қазақ тілінде тізіп беретін блогерлер бүгінде жоқтың қасы. Осы орайда Sulpak компаниясы өзінің қазақ тілді сатыпалушыларына ана тілінде ақпарат алуға мүмкіндік жасады. Компания мамандары кез келген техникаға қатысты толыққанды мәлімет беруді қолға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Компанияның YouTube желісіндегі парақшасы енді көптеген сұранысқа ие техникалар туралы қазақша ақпарат ұсынатын болады. Мәселен, бұдан былай сатып алушы дүкенге келмей-ақ, өзіне қажетті ақпаратты, қандай да бір техниканың артықшылығы мен кемшілігін компания сайтынан көріп алуына болады.

Кезекті видеода кәсіби маман дүкен сөрелеріндегі ел арасында үлкен сұранысқа ие Samsung Galaxy S8 жаңа смартфоны туралы айтып берді.

Барлығы 8 минуттық видеода телефонның барлық бүге-шүгесі сөз етілді. Ал желі қолданушылары болса, мұндай вилеолардың пайда болуына қатысты оң пікірлерін жаудырды.

«Біздікілер де hi-tech технологияларға шолу жасайтын болыпты. Мен өте қуаныштымын», - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579330-sulpak-qazaqtildi-satyp-alushylargha-ayryqsh.html