RU

Швециядағы гей-парадта Қазақстанның туын желбіретіп шыққандар елді шулатты (фото, видео)

Швеция астанасы Стокгольмдегі жыл сайын өтетін гей-парадта Қазақстан туын желбіретіп ұстап шыққан гейлердің видеосы желіні шарлап кетті. Қазақстандық Олег Иванов Facebook желісіндегі парақшасына шарадан суреттер жүктеп, Қазақстан туын ұстап өткен гейлердің сәлемін жолдады.

Бұдан бес жыл бұрын қазақстандықтардың наразылығына тап болған гейлердің бірі Олег Иванов желідегі парақшасы арқылы Қазақстанға сәлем жолдады.

Бір топ адам бірнеше Қазақстан туын ұстап өткен. Олардың арасында Қырғызстан туын ұстағандар да ұшырасты.

"Ынтымақтастық - бұл адам құқығына мұқтаж жандарды ұстап тұратын іргетас іспеттес. Бүгін біз швед, орыс және украин халықтарының Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан ЛГТБ өкілдері үшін танытқан қолдауын көрдік. Түрлі елдердің қолдауына ие болдық. Тамаша емес пе?", - деп жазды ол.

Айта кету керек, бұл гей-парад Швецияның астанасы Стокгольмде жыл сайын тамыз айының бірінші сенбісінде өтеді.

Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі гейлер жиналып, өз құқығының өзгелерден кем емес екенін көрсетеді.

Ал бұл видеоны көрген желі қолданушылары болса түрлі пікірлерін жаудырды. Олардың кейбірі оларды бейәдеп сөздер айтып, жағымсыз пікірін айтса, кейбірі қолдап шықты.

Ескертпе! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579373-stokgolmdegi-gey-paradta-qazaqstan.html