RU

Танымал композитор беташарға он тоғыз қой, бір тай алғанын айтып мақтанды

Композитор, әнші әрі асаба Арман Дүйсенов өзінің беташарда он тоғыз қой, бір тай алып, оны жүк көлігімен апарғанын айтып мақтанды.

Бұл туралы ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты.

"Бір келіннің бетін ашқан кезде 19 қой, бір тай мініп соны Газ-53 деген үлкен машинаға тиеп, алып келгенім бар ауылға", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Despacito әнін орындаған "қазақ әншілері" елді күлкіге қарық қылды

Аталған видеоны көрген желі қолданушылары композитордың асыра мақтанып кеткенін айтып, тойға шығатын өнер адамдарын сынға алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579430-tanymal-kompozitor-betashargha-toghy.html