RU

ТЖК ресми өкілі өз өміріне немқұрайлы қарайтын қазақстандықтарға күйінді

Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Facebook желісіндегі Ұлан Әбішевтің жазбасына жауап қайтарды. Астаналық тұрғын Бурабайда батып бара жатқан екі қызды видеоға түсіріп алып, құтқарушылардың ұзақ уақыт бойы келмегеніне наразы болған еді.

Иманқұловтың айтуынша, мұндай жайттардың барлығы - трагедия. Алайда Ұлан Әбішевтің суретіне қатысты пікір білдірген ол "бұл жағажайда суға түсуге тыйым салынғанын, сондықтан онда құтқарушылардың болмауы заңды" екенін айтты.

"Біле білсеңіздер, статистика бойынша суға бататын адамдардың көбі жүзе алмайтындар. Онда неліктен тәуекелге барады екен? Аптап ыстық екенін түсінемін, алайда өмір қымбатырақ емес пе?

Тағы оқыңыздар: Бахрейнде жоғалып кеткен қазақстандық қыз елге оралды

Ал енді сіздерге цифрлерді келтірейін. Қазақстанда 50 мыңнан да көп су қоймасы бар. Солардың әрбірінде құтқарушылар болуы керек пе? Мұндай мамандар саны бізде жоқ екенін айтпай-ақ қояйын.

Ал ересектердің жауапсыздығынан кішкене балалардың суға батып кететіні тіпті өкінішті. Соңғы екі тәуліктің ішінде 2010 және 2014 жылы туған балалар батып кетті. 

Елден емес, жауапкершілікті өзімізден талап етейік. Әрбір адам өз өмірі үшін өзі жауапты...", - деп жазды Иманқұлов.

Сонымен бірге, ол екінші қыздың денесін іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579471-iid-tzhk-resmi-okili-oz-omirine-nemqura.html