RU

Ғашықтықтан құса болған жігіттің хикаясы әлем назарына ілікті (фото)

Қытайлық қызбен голландық жігіт арасындағы махаббат хикаясы әлем жұршылығының назарын аударды деп хабарлайды Mashable.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Голландиялық Cirk есімді 42 жастағы азамат өзінен 15 жас кіші қытай қызымен ғаламтор желісінде танысып, кездесуге бел буады. Zhang есімді бойжекенмен онлайн сөйлескен голландиялық оған сырттай ғашық болған. Ол сезімін білдіру үшін ұшаққа билет алып, Қытайға тартып отырады.

Алайда, ханзу еліне келіп, ғашығына қоңырау шалған сәтті бойжеткен телефонын алмай жігітті әуреге салған.

Тағы оқыңыздар: Өзгенің ақшасын бір жыл бойы "бермей жүрген" Алмас Кішкенбаев ел алдында масқара болды (фото)

Бойжеткеннің айтуынша, ол жігіттің 4500 шақырымды артқа тастап, өзін іздеп келгеніне сенбеген. Осылайша түсінбестіктің арқасында голландиялық жігіт жат жерде ғашығын сарыла күтемін деп құсадан ауру болып, 10 күнде ауруханадан бірақ шыққан.

Махаббат іздеймін деп басына дерт тілеп алған жігіт ақыр соңында еліне қайтты. Ал, сүйіктісімен кездесуге уақыт таппаған қытайлық бойжеткен «Cirk толық жазылып кетсін, содан кейін кездесеміз» деп уәде беріпті.

Деседе, әлем жұртшылығы махаббат үшін ауру болып қалған жігітті нағыз ерлікке балап, голландиялықтың сауығып кетуіне тілектерін білдіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579481-ghashyqtyqtan-qusa-bolghan-gollandiyaly.html