RU

Жамбыл облысында депутат асылған күйінде табылды

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Терлікбаев асылған күйінде табылды деп хабарлайды облыстың прокуроры Айдос Майлыбаевқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

56 жастағы халық қалаусының денесі бесінші шілде күні табылған.

Ол өзіне қол салған. Тексеріс барысында марқұмның денесінен азаптау белгілері табылмады.

Тағы оқыңыздар: ШҚО-да полицейлер ер адамды азаптап, қылмысты мойындатпақ болған

Депутат қоштасу хатын қалдырмаған.

Қазіргі таңда бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, "Өзін өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579727-zhambyl-oblystyq-maslikhatynynh-deputa.html