RU

Базардағы әжейден құрт ұрлаған 45 жастағы ақтөбелік азамат қолға түсті

Ақтөбеде тәртіп сақшылары қаладағы сауда нүктелерінің бірінде ұрлық жасаған ер азаматты ұстады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, ер азамат сүт өнімдерін сатып тұрған әйелдің бес литрлік пластик ыдысқа салып қойған құртын ақшасын төлемей алып кеткен.

Тағы оқыңыздар: Жамбыл облысында депутат асылған күйінде табылды

Полициядан хабарлағандай, ұсталған азамат бұрын сотталған болып шықты. Бүгінде ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.

Ұрланған құрт иесіне қайтарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579786-bazardaghy-azheyden-qurt-urlaghan-45-zhasta.html