RU

Белгілі заңгер телеарнадағы тоқалдар мен порноактрисалар туралы ашық айтты

Белгілі заңгер, әрі блогер Айгүл Орынбек желідегі парақшасында отандық телеарналарға қатысты қатаң сын айтып, эфирдегі бассыздықтан шаршағанын жеткізді.

"Ауыздарынан іріген сөздерді айтатын арулар телевидениенің жұлдызы боп кетіпті ғой...

Өңкей тоқалдар эфирде ақылын айтып, малтасын езіп отырады. Олар алдымен өздерін дұрыстап алсыншы. 2-3 байды қолғапша ауыстырып алып, мәймөңкелеп данышпанситынын қайтерсің. Анау жүр күйеуінің көзіне бөренені салып алып, тайраңдап",- дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Хиджабтағы қыздың ұрлығы бейнебақылауға түсіп қалды (видео)

Заңгер Ақпарат министрі Дәурен Абаевтан тікелей эфирді қолға алуын сұрайды.

"Дәурен мырза, тезірек эфирді қолға алыңыз! Әйтпесе, жақында Ресейдің "Дом - 2" жобасындағы Беркова сияқты порноактрисалар қаптап кетеді. Сосын жүргеніміз Жириновский секілді күшеніп, құрта алмай. Біздің менталитетке жат нәрселерді көрсетпеуді талап етем!", - деп ашынды Айгүл.

Ол телеарнаның тәрбие құралы екенін, көгілдір экранның  бүтін бір ұлтты тәрбиелейтінін алға тартады.

"Экран бетінен əнші - журналист сымақтар құрысын! Телеарна бүкіл бір ұлттың қалыптасуына әсер етеді. Ал біздің телерналар өңкей əнші, биші, порно əртістер мен алаяқтарды шығаруға үйреніп алған. Рейтинг үшін ештеңеден тайынбайтын болды бұлар. Ақпарат министрлігі құрылғанда қатты қуанып едім, ал кеше түнде телевизорды қосқанда қуанышым бірден басылды. "Қалаулым " деген бағдарламаны көріп отырып жастарды аядым",- деп жазады заңгер.

Тағы оқыңыздар: Түймебаев ОҚО-да зауыт салуды көздеген қытайлық кәсіпкерлерге қолдау білдірді

Әлеуметтік желі белсендісі қазақи бағдарламаларды көргісі келетінін және бұл барша қазақ халқының қалауы екенін жеткізді.

"Құрметті Абаев Дəурен мырза! Елдің болашағын ойласаңыз экран бетін тазалауды сұраймын. Кәсіби мықты журналистер мен қазақи бағдарламаларды көргім келеді. Бұл жалғыз менің арманым емес, бүкіл халықтың арманы деп ойлаймын! Солай ма халқым? Біздің төлеп жатқан салығымыз далаға ұшпасын", -деді Айгүл Орынбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579986-belgili-zanhger-telearnadaghy-toqalda.html