RU

Астаналық тұрғын Бурабайдағы элиталы қонақүйді сынап тастады (фото)

Астана тұрғыны Facebook парақшасында Бурабайдағы элиталы қонақүйдегі жайттарды елге жария етті. Қымбат қонақүйдің сапасына көңілі толмаған ол душта судың орнына қап-қара лайлы су аққанын айтып наразылығын білдірді. Тәулігіне 30 мың теңге төлеген қонақүйдің қызметкерлері оның көңілінен шықпаған.

Астаналық бойжеткеннің айтуынша, ол екі адамдық орын үшін 30 мың төлеген. Бұл тұста нөмір құнына таңғы ас кірген.

«Ресепшнде 30 мыңнан бөлек депозит ретінде 15 мың теңге алады. Әкімшінің айтуынша, біз қонақүйден түскі сағат 12-ге дейін кетсек, оларды қайтарып ала аламыз. Ал егер одан кешігіп қалып жатсақ, онда 15 мың теңге кепіл ретінде алынады", - деп жазды бойжеткен.

Алайда олар жуынатын бөлмеге кіріп, таңғалысын жасыра алмаған. Душтан судың орнына лай аққан.

Мейрамханада кішкентай балаға қайнатылған сүтті жылытып беруді сұрадық. Олар болса, "бізге біреудің тамағын жылытып беруге рұқсат жоқ. Сүтті бізден сатып алыңыз, сонда жылытып береміз", - дейді. Сонда лайлы су ақса болады екен де, сүт жылытуға болмай ма?", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: "Жұмыссыз қалдық" деп арызданған 85 мұғалімнің өтірігі ашылып қалды

Міне, мен қымбат қонақүйде, құжатсыз, суық сүтті ыстық суға салып жылытып отырмын. Есіме Зальцбургтегі ең арзан қонақүйдегі жүзі жылы әйел түсіп отыр. Ол бізбен бірге тегін көлік қоятын орын іздеп, түн ішінде көмек қолын созған еді", - деп жазды ол.

Ол енді мұндай "қымбат" отельге еш уақытта бас сұқпайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1579988-astanalyq-turghyn-burabaydaghy-elital.html