RU

Ел алдында Қабанбай батырдың ескерткішін жуған Өскеменнің жаңа әкімі жұртты сүйсінтті

Биылғы жылдың мамыр айында сайланған Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев Қабанбай батырдың ескерткішін жуып, жұртты сүйсінтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әкім арнайы жұмыс формасын киіп, ескерткішке су шашып жүр. Жаңа басшының желіде тарап кеткен суреттерін көргендер оның қарапайымдылығына тәнті болып, алғыстарын білдіріп жатты.

Тағы оқыңыздар: Түймебаев ОҚО-да зауыт салуды көздеген қытайлық кәсіпкерлерге қолдау білдірді

"Жарайсың! Оның жұмыстарын көріп жатырмыз, шаруақор! Жас әрі болашағы бар! Өскеменге мұндай әкім келмегелі қашан...",  "Халқының Ері! Жарайсың!",- деп жазып жатты олар.

Әкімді "арзан пиар" жасады деп сынаған оқырмандар да болды. Олардың ойынша, мұндай игі істі жұртқа жаймай-ақ жасауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1580068-el-aldynda-qabanbay-batyrdynh-eskertk.html