RU

Бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы алматылық қыз әлі табылмай жатыр (фото)

Алматыда 10 шілде күні жоғалып кеткен 18 жастағы Назерке Әріптің ата-анасы оны ұрлап кеткен болуы мүмкін деп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жоғалған күні ол ағылшын тілі бойынша курсқа қатысу үшін үйінен сағат 16:00-де шығып кеткен. Келесі күні полицейлер оның ұялы байланыс телефоны арқылы соңғы болған орнын анықтаған.

«Телефон нөмірін бақылау арқылы оның соңғы рет 10 шілде күні Гурилева-Татибекова-Рысқұлова-Айша бибі көшелері маңында болғаны анықталды. Меніңше, Назерке таксимен жететін жеріне жете алмай қалған», - деді қыздың әкесі.

«Ата-анасының арызы бойынша іс қозғалды. Медеу ауданы ІІБ қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тағы оқыңыздар: Әкесіне ренжіп үйінен қашып кеткен ағалы-інілі жасөспірімдер көлік жуып күн көрген

Назеркенің ата-анасы жұртшылықтан көмек сұрап, көрген-білгендер болса хабарласуларын өтінеді. «Егер Назерке жайлы қандай да ақпарат білсеңіздер 87027516977, 87754820550, 87753655301 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз», - деп жазды ағайындары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1580119-almatyda-bir-ay-buryn-zhoghalyp-ketken-18.html