RU

Мәдина Сәдуақасова: Мейрамбектің көзіне тіке қарай алмаймын (видео)

Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова халықтың сүйіктісі Мейрамбек Бесбаевтың көзіне тіке қарай алмайтынын мойындады.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жазған.

Бесбаевпен бірге орындаған "Жаңбырлы күз" әнінің видеосын жариялаған әнші ағынан жарылды.

"Мейрамбектің көзiне тiк қарай алмаймын, неге екенiн өзiм де бiлмеймiн...", - дейді ол.

Өз кезегінде әншінің оқырмандары дуэттің сәтті шыққанын жарыса жазды. Олардың арасында "Мүмкін, Мейрамбекке ғашық шығарсыз?" деп сұрақты төтесінен қойып жатқандар да табылды.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1580333-madina-saduaqasova-meyrambektinh-koz.html