RU

Депутаттың өлімі: 56 жастағы азаматтың өзіне қол жұмсауына не себеп болған?

Жамбыл облысында өз ауласында асылып қалған облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Терлікбаев басқарған Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнында соңғы уақытта тексерулер жүріп келген.

Бұл мәліметті аталған кәсіпорынның қызметкерлері растады.

«Кәсіпорында 12 маусым мен 4 шілде аралығында жоспарлы тексеріс болды. Тексерісті «Қазақстан темір жолы» Ішкі бақылау департаменті Оңтүстік өңірлік бөлімі ревизиясының ревизоры С.Наурызбаева жүргізді», - деді Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының менеджері Мөлдір Жуанышева.

Терлікбаевтың өзіне қол жұмсауына осы қызметтік тексерістің қорытындысы Облыстық ІІД Тергеу басқармасының бастығы Мақсат Ережепов бұл версияның да қарастылып жатқанын айтты.

«Ол кісінің өліміне жұмысына қатысты қандай жағдай себеп болуы мүмкін екенін тексеріп жатырмыз», - деді ол.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Естеріңізге сала кетсек, 56 жастағы теміржолшы Қайрат Терлікбаев 5 тамыз күні қайтыс болды. Оның сарайда асылып тұрғанын таңғы сағат жеті шамасында келіні көрген.

«Тергеу кезінде марқұмның 26 жастағы келіні бір күн бұрын қайын атасының көңіл-күйі жақсы болғанын айтты. Ал келесі күні ол атасының сарайда асылып тұрғанын көрген. Ол бірден күйеуін және қайын інісін шақырып, бәрі марқұмды жіптен босатын үйге алып кірген», - деп хабарлады бұл туралы облыстық ІІБ.

Оқиға орнына келген аудандық полиция қызметкерлері марқұмның денесінде жіп ізінен басқа дене жарақаты жоқ екенін анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1580366-deputattynh-olimi-56-zhastaghy-azamattynh-o.html