RU

Қыз жолдас соңынан қуып жүріп бетінен сүйген асаба есінен танып қала жаздады

Қазір тойда жас жұбайлардың жанындағы жолдастарына түрлі ойын ойнату асабалар арасында сәнге айналып бара жатыр.

Сондай кештердің біріндегі қызықты ойынның видеосы желіде тарап кетті.

Ортаға қыз жолдас пен жігіт жолдасты шақырып, оларға алдымен төрде отырған жастарды сүйіп келіп, кейін өзінің бетінен сүюді тапсырған асабаның қулығы желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды.

Тағы оқыңыздар: Мәдина Сәдуақасова: Мейрамбектің көзіне тіке қарай алмаймын (видео)

Ол жігітті ұстап тұрып, қызды бірінші жібереді де, ол жақындаған кезде мейрамхананың ішін айналып қаша жөнеледі.

Сол сәтте еш қысылмаған қыз жолдас асабаны қуып жүріп бетінен сүйіп алған. Ол тіпті кеш жүргізушісін құшақтаймын деп онымен бірге жерге құлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1580375-qyz-zholdas-sonhynan-quyp-zhurip-betinen.html