RU

Қатты жылаған баласын тұншықтырып өлтірген ана елді шошытты

Ресейдің Ульяновск қаласында анасы қатты жылаған үш жасар баласын тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл қылмысын жасырып қалмақ болған әйел құқық қорғаушыларға баласының ұйықтап жатып, қайтыс болғаны туралы хабар береді.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, қазір 30 жастағы Ульяновск тұрғынына баласын өлтірді деген айып тағылуда.

Тағы оқыңызыдар: Астаналық алаяқтың кесірінен 20 жұптың үйлену тойы болмай қалды

Әйел баласы таңертең сағат 9-да ұйқыға жатып, оянбай қалғанын айтады. Бірақ, тергеушілер баланың тұншығып өлгенін, оны анасы тұншықтырғанын анықтаған.

Полицейлерді сөзіне сендіре алмаған әйел еріксіз барлығын мойындаған. Өзінің әрекетін, баласының қатты жылап, мазасын алғанымен түсіндірген.

Әйел қамауға алынып, оған қатысты РФ ҚК 105 бабы 2 бабы «Жасөспірімді өлтіру» «в» тармағы бойынша іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1580439-qatty-zhylaghan-balasyn-tunshyqtyryp-ol.html