RU

Азия ойындарында бірыңғай форма кимеген қазақстандық спортшылар ұятқа қалды

8-20 тамыз аралығында Ливанның Бейрут қаласында баскетболдан Азия чемпионаты өтеді. Оған Қазақстанның ұлттық құрамасы да қатысады деп хабарлайды Sports.kz.

Алайда, жарыс басталмай жатып, қазақстандық баскетболшылар келеңсіз жағдайға тап болып отыр. Құраманың ойыншылары Александр Жигулин мен Василий Савченко Instagram-ға видео жүктеп, онда команданың халықаралық бәйгеге бірыңғай формасыз келгендерін айтты.

«Біз баскетболдан 2017 жылғы Азия чемпионатының ашылу кешіндеміз. Бұл FIBA-ның ресми жарыстары. Байқап отырғандарыңыздай, мұнда барлық он алты-қатысушы команда бар және олардың барлығы киім-кешекпен қамтамасыз етілген, қай елдің намысын қорғап отырғандарын бірден көруге болады. Оларға өз елдері үшін ұятты емес. Тіпті, қазір соғыс жүріп жатқан Сирияның өз формасы бар», - дейді Жигулин.

Тағы оқыңызыдар: Зейнетақы қорындағы 15 миллиард теңге ақыры келмеске кетті

«Осыған дейін бірыңғай формаға, қай елдің атынан шығып отырғаныңды білдіретін киім-кешекке қатысты проблема болған емес. Бүгін әрқайсымыз өзіміздің туристік киімімізде отырмыз...Барлығы таянып, қай жақтан келгенімізді сұрауда», - деп жазды Савченко.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1580550-aziya-oyyndarynda-birynhghay-forma-kime.html