RU
Қарбыз сатып тұрған жерінен біреулер джиппен алып кеткен ақтөбелік табылмай жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қарбыз сатып тұрған жерінен біреулер джиппен алып кеткен ақтөбелік табылмай жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде көтерме базар маңында қарбыз сатып тұрған 32 жастағы жігітті белгісіз біреулер көлікпен алып кеткелі бері одан еш хабар жоқ.

Aktobenews.kz редакциясына жоғалып кеткен жігіттің туыстары хабарласып, мән-жайды айтып берген. Нағашы апасы Ерхан Тілеумбетовтің 3 тамыз күні базарда сауда жасап тұрғанын алға тартты.

«Қасына ақ джип лендкрузер 200 көлігі келіп, ішіндегі жігіт Ерханмен бес минуттай сөйлескен. Кейін көлігіне отырғызып алып кеткен. Содан бері жиенімізден хабар жоқ. Көліктің нөмірі камераға түспеген. Оны әдейі жасырған болуы мүмкін.

Қараусыз қалған қарбызын біреулер тиеп әкеткен. Өзінің көлігі сол жерде қалып қойған. Ішіндегі құжаттары орнында», — дейді нағашы апасы.

Тағы оқыңызыдар: Жол апатына себепкер болған 22 жастағы полицейдің неге бірден ұсталмағаны белгілі болды

Туыстарының айтуына қарағанда, Ерханның бойы 188 сантиметр. Өңі аққұба, шашы қоңыр түсті. Үстінде қара футболкасы мен қара шалбары болған. Көрген-білгендер болса 8 702 682 25 60 немесе, 8 747 208 13 18 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Сіздің реакцияңыз
46
12
19
23
0
7
35
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel