RU

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде төрт бала BMW көлігінің астына түскен (фото)

"Алматы Арена" стадионы маңындағы жол апатынан бес адам зардап шекті, оның төртеуі бала деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарында.

Жол апаты "Алматы Аренаға" қарсы бетте Момышұлы көшесінің бойында орын алды. Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, стадионға қарсы бетте бір топ адам жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған кезде Subaru Legacy, BMW және Toyota Mark 2 автокөліктері Момышұлы көшесінің бойында солтүстік бағытта қозғалып келе жатады.

Тағы оқыңызыдар: Жол апатына себепкер болған 22 жастағы полицейдің неге бірден ұсталмағаны белгілі болды

Toyota шеткі сол қатардан, Subaru шеткі оң жатқан тоқтаған. BMW жүргізушісі солардың арасынан өтіп кетпек болады. Анықталмаған себептермен, жүргізуші көлігін басқара алмай қалып, алдымен Subaru көлігіне, содан кейін Toyota-ға соғылды, сосын — жаяу жүргіншілерге. 

Жол апатынан бес адам зардап шекті: төрт жаяу жүргінші бала және BMW жүргізушісі. Олардың барлығын ауруханаға жатқызды. Алғашқы жәрдем көрсетілгеннен кейін балалар үйлеріне қайтарылды.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1580680-almatyda-zhayau-zhurginshiler-otpek-bolgh.html