RU

Қазақстандықтар ЭКСПО-дағы Оңтүстік Корея павильонынан 20 планшет ұрлап кеткен

Қазақстандықтар ЭКСПО-дағы Оңтүстік Корея павильонынан шамамен 20 планшет ұрлап кеткен. Бұл планшеттердің көмегімен келушілер көрмедегі экспозициялармен танысады. Сондықтан ұйымдастырушылар оларды таратып береді. Алайда шығарда оларды қайтарып жатқандар аз деп хабарлайды «NewTimes.kz»-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл туралы агенттікке сол жерде жүрген еріктілердің бірі айтып берді. Ол корей тілін жақсы меңгергендіктен, олардың өзара әңгімесіне де құлақ түретінін айтты.

«Ұйымдастырушылар қатты таңғалып отыр. Көрмеге бір ретте 50 адамға дейін кіруге болады. Алайда оны түсінбейтін жұрт кезекке қарамай алға ентелейді. Ұйымдастырушылар қазақстандықтардың сөзге түсінбейтінін сөз етеді. Бұл менің жұмсартып айтқаным", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде төрт бала BMW көлігінің астына түскен (фото)

Оның айтуынша, қазақстандықтардың ерсі әрекеттері үшін өзі ұялып кететінін де жасырмады. Әсіресе, таратып берген планшеттер азайып қалғанда. 

«Соңғы бөлмеге кірер кезде келушілерге планшет таратып береді. Олардың көмегімен қонақтар көрмеге қойылған дүниелермен таныса алады. Алайда шығар кезде олар планшетті сыйлық екен деп ойлап, қайтарып бермейді. Екі айдың ішінде 20-ға жуық планшет жоғалып кетті. Мен қатты ұялдым. Samsung планшетін корейліктер берсе, оны қайтарып бермеу керек деген сөз емес қой", - дейді ол.

Оңтүстік Кореяның көрме павильонында планшеттердің ұрлану дерегін растап отыр. Олар тіпті бұл жөнінде ауқымды түрде пікір білдіруге дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1580714-qazaqstandyqtar-ekspo-daghy-koreylik.html