RU

Ауладағы көлікті айдап кетіп, апатқа ұшыраған аю полицейлерден қашып үлгерген

Американың Колорадо штаты, Дуранго қаласында аю жер үйдің жанында тұрған жол талғамайтын көлікке мініп алып, жол үстіне шығып кетіп, пошта жәшігіне соғылған деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жануар көліктің рөлін сындырып, радиоқабылдағышты жұлып алған және артқы терезенің шынысын шағып тастапты. Шудан оянып кеткен көршілері полиция шақырған, бірақ тәртіп сақшылары келгенше аю қашып үлгереді.

Болжам бойынша, хайуан көлікті қол тежегішінен кездейсоқ шығарып алған. Бұдан кейін машина жол үстіне түсіп кетіп, пошта жәшігіне соғылады.

Тағы оқыңыздар: Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде төрт бала BMW көлігінің астына түскен (фото)

Еске салайық, шілде айында тағы бір аюдың Дуранго қаласындағы округтік түрмеге еніп кеткен болатын. Полицейдің көмекшілері оны қуып шықпақ болған, алайда, аю ағашқа өрмелеп шығып, түспей қойыпты. Кейінірек ол түрмеге жақын жердегі қыраттарға тығылып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1580862-auladaghy-kolikti-aydap-ketip-apatqa-u.html