RU

SCAT жолаушылары бортта оттегі маскаларын пайдалануға мәжбүр болды (видео)

8 тамызда Астанадан ұшқан SCAT әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде әуежайға қайтып келуге мәжбүр болды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін таңертең Астанадан ұшқан SCAT әуе компаниясының ұшағы әуеде апатты жағдайға тап болып, елорда әуежайына қайта ұшып келді.

Ұшақ жолаушыларының бірі NewTimes.kz редакциясына оқиға орнынан бейнеролик жіберген. Бейнероликте жолаушылар оттегімен демалу маскасын тағып алғаны көрінеді.

Ал стюардесса болса борттағылардан өздерін қалай сезінетінін сұрап, тыныштандыруға тырысқан.

Тағы оқыңыздар: Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде төрт бала BMW көлігінің астына түскен (фото)

Экипаж командирі апатты жағдай аяқ астынан болғанын айтып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1580881-scat-zholaushylary-bortta-ottegi-maskalary.html