RU

Прокуратура алдында өзін атып өлтірген Жампозовтың ұлына да айып тағылды (фото)

Целиноград ауданы прокуратурасына барып, прокурор мен полицейді мылтықпен атып, артынша өзін атып өлтірген Өмірбек Жампозовтың ұлы Асылжан Жампозовтың үстінен де қылмыстық іс қозғалды. Оған прокурорға күш көрсетті деген айып тағылып отыр деп жазады SkifNews.kz.

"Целиноград аудандық прокуратурасы өкіліне күш көрсеткені үшін Асылжан Жампозовтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, "билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша тіркеуге алынды және Ақмола облыситық ІІД Тергеу басқармасының өндірісіне берілді", - деді ІІМ баспасөз қызметі.

Жампозовотар отбасының адвокаты Бақыт Қайыржанованың айтуынша, қылмыстық іс туралы Асылжан Жампозовтың өзіне әлі хабарланбаған. Тергеуге де әлі ешкім шақырмапты.

"Өмірбек қайтыс болған күні Асылжан оқиға орнында болып, әкесінің денесін көрген. Бірақ, құқық қорғаушылар оны әкесіне қарай жібермеген. Мен бұл сәтті көзбен көрген жоқпын, сотта болдым. Сол кезде ол прокуратура қызметкерлерінің бірін әлде итеріп жіберген, әлде ұрған. Бізге қылмыстық істің қозғалғанын айтты, бірақ шақырған жоқ.

Тағы оқыңыздар: Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде төрт бала BMW көлігінің астына түскен (фото)

Істің Ақмолда емес, Көкшетауда жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сондықтан, біз тергеудің басталған-басталмағанын әлі білмейміз. Бізді прокуратураға шақырды, Асылжанның прокурорды ұрғанын айтты. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғамақшы екендерін мәлімдеді. Мен марқұмның ұлы болған жайттан кейін өзін жоғалтып алғанын айттым", - деді қорғаушы.

Оның айтуынша, қазір Өмірбек Жампозовтың жесірі марқұмның туған жері Таразға көшіп кетіпті. Ортаншы ұлы қазір әкесіне қатысты жүріп жатқан тергеудің басы-қасында жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1580922-prokuratura-aldynda-ozin-atyp-oltirg.html