Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мүфтият желіде тараған уағызшылардың тізімін жоққа шығарды (фото)

Опубликовано:

Соңғы кездері әлеуметтік желілер арқылы елімізде уағыз-насихат айтуға рұқсат етілген дін мамандарының тізімі таралуда. Ал бұл тізімді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жасамағаны анықталды, деп хабарлайды Baq.kz.

ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тізімде діни басқармаға қарасты имамдар мен ғалымдардан бөлек діни білімі жоқ тілшілер мен қоғам қайраткерлерінің аты аталған. Тіпті, діни білімді қайдан алғаны белгісіз адамдардың да аты-жөні көрсетілген.

Тағы оқыңыздар: Прокуратура алдында өзін атып өлтірген Жампозовтың ұлына да айып тағылды (фото)

«ҚМДБ Мүфтият ұстаздар тізімі! Қазақстанда уағыздарын тыңдауға рұқсат етілген (ҚМДБ)ның ахли сунна ұстаздары», - деп басталатын (мәтін сол қалпында берілді) жазбаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ішкі жұмыстарынан хабары жоқ адамның жазғаны байқалады. Діни басқарманың ресми рұқсатынсыз жазылған ақпараттық тізім жамағат арасында түсінбеушілік тудыруы мүмкін.

Осы ретте, уағызшылар тізімін жазған тұлғаның бұл әрекеті мұсылмандық әдепке жат екенін жеткіземіз. ҚМДБ мамандары бұл сұрақ төңірегінде кез-келген азаматтың сауалына жауап береді. ҚМДБ ел азаматтарынан мүфтиятқа қатысты ақпарат таратпауды талап етеді», - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1581002-muftiyat-zhelide-taraghan-uaghyzshylardy/

pixel