RU

Қазнетті шулатқан жалаңаш қыздар мен жігіттердің жарнамасы әлемдік БАҚ-тың назарына ілікті

Қазақстанды шулатқан жалаңаш қыздардың жарнамасы туралы BBC жазды, деп хабарлайды Baq.kz.

Біраз күн бұрын қазақстандық Chocotravel турагенттігінің қыздарды жалаңаш түсірген жарнамасы интернетте біраз шу шығарған еді.

BBC-дің жазуынша, бейнеклипті Youtube қолданушылары 815 мыңнан астам рет қарапты.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбелік әскеридің 13 жастағы қызға жасаған әрекеті жаға ұстатты

Жалаңаш стюардессалар түскен Chocotravel компаниясының жарнамалық ролигі желіде тез тарады. Олар әуе билеттерін жалаңаш қыздар арқылы жарнамалаған.

BBC хабарлағандай, жалаңаш қыздармен шыққан роликтен кейін бір тәулік өткенде, әуе билеттерін сатумен айналысатын қазақстандық Chocotravel сервисі жалаңаш ерлер түсірілген жаңа роликті ұсынды.

Бұл нұсқа үшінші тамызда 131 мың рет қаралыпты.

«Көптеген жарнамалық роликтер ерекше назар аудартуға тырысады. Сарапшылардың айтуынша, Chocotravel мұны тым дөрекі көрсеткен», - деп жазады BBC.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1581301-qaznetti-shulatqan-zhalanhash-qyzdar-men.html