RU

ОҚО-да түнімен жігітімен қыдырған қыз өзін "алып қашты" деп анасын алдаған

Оңтүстік Қазақстан облысында жігітімен түнімен қыдырып, анасына өзін «алып қашты» деп өтірік айтқан қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды sn.kz.

Енді ол жалған ақпарат бергені үшін жазалануы мүмкін.

Оқиға Мақтарал ауданында орын алған. 2000 жылы туған қыз үйіне түнгі уақытта келіп, анасына өзін белгісіз ер адамның алып қашқанын және үйінде күшпен ұстап отырғанын айтыпты. Зәресі ұшқан әйел дереу полицейлерге арызданған.

Тағы оқыңыздар: Астана әуежайына Nursultan Nazarbayev деген жазба ілінді (фото)

Полицейлер жүргізген шұғыл іздеу жұмыстарының барысында ешқандай да қылмыстың орын алмағаны анықталды. Бойжеткен қыз түні бойы уақытты өзінің жігітімен өткізіп, анасынан ұрыс естімеу үшін өтірік айтқан.

Енді ол бүкіл ішкі істер бөлімін аяқтан тік тұрғызғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1581452-oqo-da-tunimen-zhigitimen-qydyrghan-qyz.html