RU

Бас прокуратура Тоқмәдидің әйелі жасаған мәлімдемеге жауап берді

Бас прокуратура Жәмилия Аимбетова-Тоқмәдидің бейнешағымы бойынша тексеру жүргізді деп хабарлайды ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"2017 жылдың 31 шілдесінде түрлі ғаламтор беттерінде Жәмилия Аимбетова-Тоқмәди жұбайы Мұратхан Тоқмәдиға Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының тарапынан азаптау көрсетілді деген бейнешағымы жарияланды. Аталған деректерді тексеру мақсатында Бас прокуратура жедел түрде тиісті шаралар қабылдады", - делінген прокуратура мәлімдемесінде.

2017 жылдың 31 шілдесінде Алматы қаласының ҰҚКД-нің Тергеу изоляторынан прокуратураға Мұратхан Тоқмәди таңертенгі серуен барысында (серуендеу алаңында) турниктен құлағаны жайлы хабарлама түскен.

"Күдіктінің адвокаттарының қатысуымен сот-медициналық және химия-токсикологиялық сараптамалар жүргізілді. Нәтижесінде ағзада химиялық заттар табылған жоқ. Ал сот-медициналық сараптама қорытындысы денедегі жарақаттар жоғарыда көрсетілген жағдайда пайда болғанын көрсетті.

Тағы оқыңыздар: Экономика министрі Ресейге қарсы санкция Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты

Мұратхан Тоқмәдидің турниктен құлау фактісі іс материалдарына қоса тіркелген бейне бақылау камераларының жазбасымен де дәлелденді. Оның үстіне Тоқмәдидің өзі де, басқа да тергеу изоляторында қамалғандар да дене жарақатының алыну жолын растады. Процессуалды прокурор күдіктімен әңгімелесу барысында Мұратхан Тоқмәдидің тарапынан ҰҚК-нің қызметкерлері үстіне қандай да бір шағым айтылған жоқ", - делінген хабарламада.

Жамилия Аимбетова-Тоқмәдидің бейнешағымында көрсетілген деректер өз дәлелін таппаған соң, прокуратура осы факті бойынша тексеру амалдарын аяқтады. Өз тарапынан Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы арыз иесіне күдіктінің өз еркімен турникте жаттығу жасау кезінде құлап дене жарақатын алған фактіні растайтын видеожазбаны көрсетуге дайын.

Естеріңізге сала кетсек, арнайы жасақ қызметкерлері 12 маусымда Алматыда жүргізілген арнайы операция барысында кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді ұстаған болатын.

Бірқатар БАҚ мәліметінше, танымал бизнесмен ұзақ уақыттан бері "Депутаттық корпус" қылмыстық тобын басқарып келген.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1581473-bas-prokuratura-toqmadidinh-ayeli-zhas.html