RU

Тараздық жігіттер үйлену тойы кезінде оқ атып, елді дүрліктірді (видео)

Таразда той кортежінің екі қатысушысы аспанға бірнеше рет оқ атқан. Болған оқиға "Тектұрмас" көпіріндегі бақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Белгілі болғандай той кортежінің екі қатысушысы аспанға бірнеше рет оқ атып, қылмыс орнынан Toyota Camry 50 көлігіне отырып кетіп қалады. Жол-патрулдік полиция қызметкерлеріне бағыттама беріліп, оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанады.

Полиция оқиғаға қатысы бар екі тұлғаны анықтап, тұтқындаған.

Олардың бірі 20 жаста, екіншісі 19-да. Екеуі де Тараз қаласының тұрғындары.

Тағы оқыңыздар: Бас прокуратура Тоқмәдидің әйелі жасаған мәлімдемеге жауап берді

Сол күні 20 жастағы тәртіп бұзушының мекенжайы тінтіліп, "CZ-858" автоматы табылған. Қару әкесінің атына тіркелген екен.

Тергеу барысында күдіктілер жасаған қылмысын мойындады. Қазір олар Тараз қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1581508-tarazdyq-zhigitter-uylenu-toyy-kezind.html