RU

Павлодарда бір жасар ұлдың анасы із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Павлодарда қызмет көрсету саласы колледжінің түлегі, бір жасар ұлдың анасы Ақмаржан Садуақасова жоғалып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

20 жастағы Ақмаржан Садуақасова 2017 жылдың 14-шілдесі күні барлық киімдерін жинап, үйінен шығып кеткен. Әкесінің айтуынша, туысқандарымен және әке-шешесінің арасында ешбір ұрыс, кикілжің болмаған.

"Ол азаматтық некедегі жұбайының ата-анасымен тұрған. Кейін ұл бала дүниеге келді, қазір ол бір жас екі айда. Өкінішке орай, Ақмаржан жаңа әулетпен тіл табыса алмай, біз қызымыз бен немеремізді өз үйімізге алып келдік. Ақмаржан біздің жалғыз қызымыз, екі ағасы жеке тұрады. Ол құжаттарын қалдырып кеткен", - дейді әкесі.

Бала кезінде Ақмаржан жол апатына ұшырап, дәрігерлер оған «миының жарақат алуы мен зақымдалуы» диагнозын қойған. Ұлы дүниеге келген соң жас ана абайсыздықпен аяғын қатты күйдіріп алған.

Тағы оқыңыздар: Тараздық жігіттер үйлену тойы кезінде оқ атып, елді дүрліктірді (видео)

Әкесінің сөзіне сүйенсек, шілде айының басында қызы үйінен кетіп қалып, бірнеше күннен соң оралған. Алайда, ол кезде әлеуметтік желі арқылы жақындарымен хабарда болып, барлығы жақсы деп сендірген. Үйіне қайтып келген кейін екі күн өтіп, қыз қайта жоғалған. Туыстары оны Астанада көрдік деп айтқан.

Жас ананы іздеуге «Клуб добряков Павлодара» еріктілер тобы жұмылдырылды. Еріктілер Instagram парақшаларында анасының қызына жолдаған үндеуін жариялаған. Жанары мұңға толы ана өз қызын үйіндегі бір жасар баласына оралуын өтінген.

Ерекше белгілері: бетінде айқын көрініп тұрған бірнеше мең бар. Бойы 165-168 см, толықтау денелі.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1581554-pavlodarda-bir-zhasar-uldynh-anasy-iz-tu.html