RU

Интернет арқылы жыныстық қызмет көрсететін қыз санын соғып қалды

Интернет арқылы жыныстық қызмет көрсететін қызбен танысқан ер адам кездесуден соң оның үйін тонап кеткен, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz.

2017 жылы маусымда ер адам интернет арқылы жеңіл жүрісті қызбен танысқан. Сөз байласқан жігітті қыз кездесу үшін өз пәтеріне шақырған. Пәтерден шыққаннан кейін жігітке қыздың пәтерін тонау туралы ой келеді.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда қоқыс жәшігінен шала туылған нәрестенің денесі табылды

Осы қылмыстық ойды іске асырмақ болған жігіт белгісіз адамдардың көмегіне жүгінген. Өздерін полиция қызметкерлеріміз деп таныстырғандар қыздың пәтерінен ақшалай қаражатты, алтын бұйымдарды ұрлаған.

Сот отырысында кінәлінің қылмыстық жолмен тапқан ақшасы мен мүлкі тәркіленіп, үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1581566-internet-arqyly-zhynystyq-qyzmet-kors.html