RU

Ақмола облысында ЭКСПО-ға жол тартқан автобус апатқа ұшырап, бірнеше адам қаза тапты

 Ақмола облысында ЭКСПО көрмесіне келе жатқан автобус апатқа ұшырады деп хабарлайды КТК арнасы.

Сәуле Мұстафина Бурабайдағы Приозерное шипажайында жұмыс істеген. Астанаға балаларды ЭКСПО кормесіне апаруға басқа қызметтестерімен бірге шығыпты. Олар мінген Тойота Хайста 7 бала мен 6 ересек адам отырған екен. Жол апаты Ақкөл ауылының маңында болған. Күтпеген жерден пайда болған Land Gruser шағын автобусты артынан келіп соққан.

Тағы оқыңыздар: Бес жыл бойы сәбилі бола алмаған "Жігіттер" квартетінің әншісі әке атанды

"ЭКСПО-ға бара жаттық. Балалар көптен сұранып жүрген. Қатты соққы болды. Есіміз кіресілі-шығасылы, қан-жоса болып балалар жатты. Джиптегілердің бірі қызметтік кітапшасын шошаңдатып бізге ештеңе болмайды деп қоқаңдап қояды. Олардың жазасын беру керек", - дейді Наталья Тагильцева.

Соққының қатты болғаны сонша, шағын автобус жолдан шығып кетіп, бірнеше рет аунаған. Арттан соққан джип өте жоғары жылдамдықпен келді дейді микроавтобус жүргізушісі.

"Сағатына 110 шақырыммен ортаңғы жолда келе жаттым. Балалар болған соң жылдамдықты асырмадым. Тіпті жүк көліктері де мені басып озып өтіп жатты", - дейді марқұмның күйеуі Асқар Мұстафин.

Сұмдық оқиға салдарынан әйелінен айырылған Асқардың 4 жасар ұлы ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Отбасында 14 жасар тағы бір ұлы бар. Бұлар жолға шыққанда, ол үйде қалыпты. Сол шағын автобуста баласы болған Даниловтар отбасы да қара жамылып қалды. Олар 10 жасар жалғыз ұлынан айрылды.

"Апатқа себепкер болған Ланд крузердің жүргізушісі қазір уақытша қамалған. Ол – еш жерде жұмыс істемейтін 1989 жылғы азамат. 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Десе де, марқұмдардың туыстары кінәлілер жауаптан сытылып кете ме деп алаңдайды. Өйткені, джиптегілер аударылған көлікте ауыр жағдайда жатқандарға қызметтік куәлігін шошаңдатып, қыр көрсеткен екен.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1581632-aqmola-oblysynda-avtobus-apatqa-ushyr.html