RU

Алматыда таң ата болған жер сілкінісі тұрғындарды шошытты

Алматыда таңғы сағат 5:30-да жер сілкініп, тұрғындарды шошытты деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматы ТЖД хабарлауынша, Алматы уақытымен 2017 жылғы 9 тамызда таңғы сағат 5-тен 28 минут 37 секунд кеткенде жер сілкінісі тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 485 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан.

Тағы оқыңыздар: Прокурорға оқ атып, өзін-өзі өлтірген Жампозовтың ұлы мәлімдеме жасады

Жер сілкінісінің қуаттылық көрсеткіші 14.8 болса, MPV магнитудасы 6.8-ге тең. Тереңдігі - 35 шақырым.

"Алматыда сезілген жер сілкінісі төрт баллға тең болған. Зардап шеккендер мен ғимараттардың құлауы туралы ақапарат жоқ", - дейді департаменттегілер.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1581750-almatyda-tanh-ata-bolghan-zher-silkinisi.html