RU

Теміртауда аулада ойнап жүрген кішкентай қызды бөтен әйел ұрған (видео)

Қарағанды облысында аулада ойнап жүрген кішкентай қызды сабаған әйел видеоға түсіп қалды. Оқиға Теміртау қаласындағы ойын алаңдарының бірінде болған деп хабарлайды 31 арна.

Әткеншекте отырған баланы тәртіпке салып жатқан әйел қыздың анасы емес. Ғаламторда жарияланған бейнежазбада әйелдің бүлдіршіннен «анаң қайда?» деп сұрап жатқаны анық естіледі.

Сондай-ақ, әйел баланы ауладан қуып, бетінен бірнеше рет ұрғанын да көруге болады. Полиция қызметкерлері соққыға жығылған бүлдіршіннің сараптамаға жіберілгенін айтады.

Тағы оқыңыздар: Алматыда таң ата болған жер сілкінісі тұрғындары шошытты

«Егер қыздың денесінен көгерген жерлер анықталса, Теміртау қаласының тұрғыны жазаға тартылады», - дейді Қарағанды облыстық ІІД МТАБ басшысы Бақытжан Құдияров.

Балаға қол жұмсаған азаматшаға қатысты шара қолданылады. Бұған дейін бұл бейнежазбадағы азаматшамен бұған дейін сол Теміртау қаласындағы Республика даңғылында бірнеше рет қол көтерулер болған. Бірақ балалардың ата-аналары полицияға шағымданбай, өзара шешкен.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1581811-qaraghandyda-aulada-oynap-zhurgen-kishk.html