RU

Куәгерлер: Қапшағайда скутермен жүрген жігіт суға батқандарды құтқармай қойды (фото, видео)

«Сәуле" демалыс орнында екі жігіттің суға батып кеткені туралы хабарлама Қапшағай өңірінің жедел құтқару бөліміне сағат кешкі 17:00 шамасында келіп түскен деп хабарлайды patrul.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Осы орайда бөлімшедегі жеті сүңгуір құтқарушы оқиға орнына екіге бөлініп жетті.

Куәгерлердің айтуынша, екі жігіт ешқандай ескертпелерге қарамастан резеңке қайықпенкетіп қалған.

Шамамен 300 метрге жеткен соң олар суға секіріп түсіп, қайықты су ағызып әкеткен.

Тағы оқыңыздар: Алматыда өзін "финполдықпыз" деп таныстырған жігіттер күзетшілермен жаға жыртысты

Екі жігіт батып кетуі мүмкін тұсты куәгерлер көрсетті. Олардың бірінің жасы 21-де, екіншісі 20-да.

Сонымен бірге куәгерлердің айтуынша, жігіттер суға батып кеткен кезде, олардың жанына скутерге мінген жас жігіт келіп, олардың бірін айналып өтіп, құтқармастан өз жөнімен кеткен.

Нәтижесінде сүңгуірлер екі жігіттің мәйітін алып шықты.

Тағы оқыңыздар: Алматыда таң ата болған жер сілкінісі тұрғындары шошытты

Жігіттердің бірі демалуға өзінің ата-анасымен бірге аттанған.

Құтқарушылардың айтуынша, Қапшағай су қоймасында шомылу маусымынан бастап 15 адам қайтыс болды.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1581821-kuagerler-qapshaghayda-skutermen-zhurg.html