RU

8-қабаттан секіріп өлген қыздың анасы оны шақырып алған қыздарды да табуды талап етті

Алматыда қайтыс болған студенттің жақындары қыздарының жетісін берді. Ал, полиция бір аптадан бері бұл іске қатысты ешқандай күдіктіні қамауға алған жоқ. Тілеугүлдің анасы болса, қызын өлтіруі мүмкін адамның жалғыз еместігін айтады деп хабарлайды 31 арна.

Тілеугүл Қуаныштың жақындары кеше Азиздің үйіне барып, болған жағдайды азаматтың өзінен сұрап білмек болған. Алайда, "бұл - тергеу жұмыстарына қысым жасау болып табылады" деген тергеушінің ескертуінен кейін ол ойларынан айнып қалды.

Естеріңізге сала кетсек, Азиз Ваитов - Алматыда 8-қабаттан құлап қайтыс болуы мүмкін деген студент қыздың соңғы хатында аты аталған азамат. Алайда, 31 арнаның  түсіру тобы Азизді үйінен таба алмады.

Тағы оқыңыздар: Алматыда таң ата болған жер сілкінісі тұрғындары шошытты

"Бұл үйде ешкім жоқ қазір. Бұл үйде тұратын адамдар қазір көлікке отырып кетті ғой", - дейді Азиз Ваитовтың туысы Ермек.

Азиздің үйінен шыққан азамат, тілшілермен тілдесуге құлықсыздық танытты. Көршілерінің айтуынша, бұл Ваитовтың туысы көрінеді. Бірақ Азиздің анасымен тұратын басқа мекенжайын айтып, сұхбат бергісі келмеді.

Алайда, бұл маңайдың тұрғындары Ваитовтың дәл осы үйде тұратынын айтады. Және көршілері туралы да жақсы пікірде.

"Өзіміз де таңқалып қалдық. Ондай болуы мүмкін емес. Ондайға бармайды бұл бала", - дейді Азиз Ваитовтың көршісі.

Тілеугүлдің анасы болса, "31 арна" тілшілерімен бірге оқиға орнына келіп, берген сұхбатында қызын өлтіруі мүмкін адамның жалғыз болмағанын айтты.

"Артында тағы бар. Ол жалғыз емес. Жалғыз адамға күш бере қоятын адам емес. Менің қызым батыл. Өзіме ақылшы болып отырған қызым. Оның ар жағында шақырып алған қыздар бар. Бәрін тапсын. Әзиз өзі біліп тұр. Соны тауып көрсетсін соны", - дейді Тілеугүлдің анасы Жанаргүл Бұзауқызы.

Сондай-ақ, Тілеугүлдің анасы, қызынан келген соңғы хабарламаның да басқа біреудің жазуы мүмкіндігін айтады. Ал, тергеу жұмыстарының жүріп жатуына байланысты, әзірге қалалық ІІД бұл іске қатысты пікір білдірмеді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1581832-almatyda-8-qabattan-qulaghan-qyzdynh-ana.html