RU

Алматыда өзін "финполдықпыз" деп таныстырған жігіттер күзетшілермен жаға жыртысты (видео)

Алматыда BMW көлігіне мінген жас жігіттер "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің күзетшілерімен қақтығысып қалды. Бұл жайт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған деп хабарлайды NUR.KZ. 

Аталған жайттың видеосы kris_p_almaty парақшасында пайда болған. Роликті жариялаған адамның жазуынша, жігіттер өздерінің "құжаттарын" көрсетіп, оларды кешен аумағына кіргізуді талап еткен.

Тағы оқыңыздар: Куәгерлер: Қапшағайда скутермен жүрген жігіт суға батқандарды құтқармай қойды (фото, видео)

Алматы ІІД-не сілтеме жасаған  Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, оқиға 6 тамыз күні орын алған. Күзетші мен жүргізуші бұл дерек бойынша полицияға хабарласпаған және бір-біріне ешқандай да кінә артпаған.

Алайда BMW көлігінің 27 жастағы жүргізушісіне 45 380 теңгеге айыппұл салынды. Порталдың келтірген дерктері бойынша көлік жүргізушісі ешқандай құқық қорғау орындарында жұмыс істемейді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1581845-almatyda-ozin-finpoldyqtar-dep-tanys.html