RU

"Канело": 16 қыркүйекте Головкиннің әлсіз тұстарын көрсетеміз

Екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді нокаутпен жеңгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Жекпе-жектің Лас-Вегаста өтетіні мен үшін тиімді бола ма? Жоқ. Головкин тәжірибесі мол боксшы. Головкиннің командасы менің соққымның күшін бағаламай отыр демеймін. Бокста бәрі де мүмкін. Әсіресе нокаутпен жеңіске жетіп жүрген екі жігіт жайлы сөз болғанда. Әрине, Головкинді нокаутпен жеңгім келеді», - деп келтіреді Альварестің сөзін Fansided.com журналисі Джек Йоргенсен.

Ал Sherdog порталына берген сұхбатында Альварес Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан заманнан бері боксшы ретінде мықтырақ бола түскенін айтты.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттік әйел күйеуіне бала туып беретін жас тоқал іздеп жүр

«Сенім пайда болып, тәжірибе жинадым. Головкиннің әлсіздіктері бар, осы тұста жұмыс істеп жатырмыз. 16 қыркүйекте оның әлсіз тұстарын көрсетіп береміз», - дейді «Канело».

Айта кетейік, мұның алдында Головкин мексикалықты нокаутпен жеңгісі келетінін мәлімдеген еді. Айтуынша, ол далбаса әңгімесі үшін промоутерлерін «жазалап», титулдарын ұзақ уақытқа сақтап қалғысы келеді.

Еске салайық, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтеді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1582168-saul-alvares-16-qyrkuyekte-golovkinn.html