RU

Алматыда соңғы төрт жылда болмаған жер сілкінісі тіркелді

9 тамызда таңғы уақытта Алматы мен Алматы облысының тұрғындары магнитудасы төрт балл болатын жер сілкінісін сезді. Мұндай жер сілкінісі соңғы рет 2013 жылы тіркелген деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сейсмология институты" ЖШС директоры Анвар Боранбаев айтуынша, осыған ұқсас жерасты дүмпулері Алматыда 2011 жылы, ал кейінірек 2013 жылы тіркелген.

"Екі жағдайда да жер сілкінісінің магнитудасы шамамен 4-5 баллға тең болды", - дейді Әнуар Боранбаев.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандағы хан сарайындай VIP-вагон желіні шулатты (фото, видео)

Сондай-ақ, "Сейсмология институты" ЖШС директорының айтуынша, бұл магнитуда қалыпты деп саналады.

"Мұны "жойқын" жер сілкінісі деп айтуға болмайды", - деп түсіндірді Боранбаев.

Оның айтуынша, алдағы аптада 6 балдан асатын жерасты дүмпуі бола ма, жоқ па - бүгін болжау комиссиясының отырысынан кейін 16.00-ден кейін белгілі болады.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1582268-almatyda-sonhghy-tort-zhylda-bolmaghan-zhe.html