RU

26 жастағы балалы әйел ашуға булығып, ақтөбелік полицейдің бетін тырнап алды

Ақтөбеде 26 жастағы келіншек инспекторды беті мен мойнынан тырнап алған. №2 Ақтөбе қалалық сотында билік өкіліне қарсы күш қолдану бабы бойынша іс қаралды деп жазады aktobenews.kz.

Оқиға осыдан бір ай бұрын болған. Учаскелік инспектор Әуе қалашығында маскүнемдер жиналатын пәтерді тексереді. Сонда полицей кішкентай баласы бар 26 жастағы келіншекті танып қалады. Оны бейімдеу орталығына дереу жеткізеді.

Тағы оқыңыздар: Алматыда соңғы төрт жылда болмаған жер сілкінісі тіркелді

Бірақ келіншек бейімдеу орталығында айқай-шу шығарады. Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспекторды жұлқылап, полицейдің бетінен қолмен салып қалады. Соның салдарынан инспектордың беті мен мойны тырналған.

Сот келіншекті 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Үкім заңды күшіне енбеді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1582391-ashugha-bulyqqan-ayel-aqtobelik-police.html