RU

ОҚО-да енесінен кек алмақ болған жас келіннің әрекеті полицияны шошытты

Оңтүстік Қазақстан облысында енесімен ренжіскен әйел одан кек алмақ болып полицейлерге жалған ақпарат берген. Ол енесінің бағалы заттарының барлығын тығып тастап, үйді қарақшылардың тонап кеткенін айтыпты деп хабарлайды sn.kz.

Абай аудандық ІІБ-не Қазығұрт шағынауданының 26 жастағы тұрғыны хабарласып, үйін үш қарақшының тонап кеткенін мәлімдеген. Айтуынша, бетперде киген үшеу жас әйелді қорқытып, бағалы заттарды алып кеткен көрінеді. Алайда, қылмыстық іс қозғап, шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізген полицейлер ешқандай қылмыстың орын алмағанын бірден анықтады.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттік әйел күйеуіне бала туып беретін жас тоқал іздеп жүр

Белгілі болғандай, жас келін сол күні енесімен ұрысып қалған екен. Кек алу мақсатында оның алтын әшекейлерін тығып тастап, үйдің астан-кестеңін шығарып, өзі полицейлердің келуін күткен.

Жауап алу кезінде жас әйел жалған ақпарат бергенін мойындап қойды.

Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 419-бабы (Жалған ақпарат тарату) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1582415-oqo-da-enesinen-kek-almaq-bolghan-zhas-ke.html