RU

Шанхай сахнасында күй шерткен Димаш домбырасын көрерменге сыйға тартты (фото, видео)

Қытайдың Шанхай қаласында концерт берген Димаш Құдайберген сахнада Дәулеткерейдің "Көрұғлы" күйін орындап көрермен қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, ол қазақтың ұлттық аспабы - домбыраны залдағы көрерменнің біріне сыйға тартты.

Тағы оқыңыздар: Қазақтың біртуар ұлы Қонаевтың жары туралы не білеміз? (фото)

Әнші өзіне құрметі мен қошеметін аямаған жанкүйерлеріне алғыс білдірді.

"Жанкүйерлеріме айтатын сөзім көп. Осы байқаудан кейін аяғымды жерге тигізбей, қошемет көрсетіп, көтермелеп жүргендеріңізге үлкен рақмет! Сіздер бар кезде сахнада Димаш бар!", - деді ол қытайлық көрермендеріне.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл!>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1582474-dimash-shankhay-sakhnasynda-kuy-shertip.html